Колледждің миссиясы: Техникалық және кәсіптік білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және колледждің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Колледждің көзқарасы: Ұлттық экономиканың экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық өндірістерді енгізу жағдайында еңбек нарығының қазіргі және болашақ қажеттіліктеріне жауап беретін ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саласындағы еңбек мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар даярлау жөнінен Павлодар облысындағы жетекші білім беру ұйымдарының бірі болу.
Негізгі құндылықтар:
- Колледдж қызметкерлері, оқытушылары және студенттерінің әл-ауқат құндылығы.
- Жеке тұлғалық өсу мен кәсіби дамуды коллегиалдық және сенімділік жағдайында ынталандыру.
- Білім және ғылыми зерттеулер, оқыту сапасының құндылығы.
- Өз қызметін этиканың жоғарғы стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын қоғамның болашақ көшбасшыларын дайындаудағы әділеттіліктің, адалдықтың, жауапкершіліктің маңызы.
- Ақырғы нәтижеге қол жеткізу үшін шешім қабылдауға жауапты, ашық, адал ынтымақтастықтың мәні.
- Қоғаммен, студенттердің ата-аналарымен, жұмыс берушілермен, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестіктің маңызы.
- Колледждің жоғары беделінің мәні және оның білім беру жүйесі мен жалпы қоғамның дамуына қосқан үлесі.