Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі тарихынан
Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі 1959 жылы құрылған. Бұл оқу орны өзінің игі істерімен облыс, аудан көлемінде жақсы таныс. 1929 жылы Сталин колхозында ( қазіргі Қожамжар а.) Харьков МТС-ы құрылған. Сол кездегі ұсақ колхоздарды мамандармен қамтамасыз ету міндетін МТС (машинно – тракторные станции) атқарған.
1950 жылдары Қазақ ҚСР-нің тың және тыңайған жерлерін игеру үшін ауылшаруашылықтарына механизаторлар қажет болды. Осыған байланысты еліміздің ауылшаруашылығына тракторшы, комбайншылар жетіспегендіктен жергілікті жерлерге механизаторлар даярлау мақсатында, 1959 жылы Ақмола білім басқармасының 29 желтоқсандағы №154 бұйрығы негізінде Куйбышев ауданы №141 ауылшаруашылық механизаторлар училищесі құрылды. Бастапқы оқыту Сталин сегіз жылдық оқу орнында, одан кейін мектеп-интернаты (1962 жж.) оқыту орны болды. Харьков МТС-ы өндірістік тәжірибе өтілетін орын болып есептелді. Одан кейін Харьков РТС ( ТЖС - трактор жөндеу станциясы) болып аталды. Оның директоры Ташимов Каят Сайфоллинович болды. Осыған қоса Павлодар облысы комитеті хатшылығының 1959 жылдың 17 желтоқсан №42 қаулысы негізінде ауылшаруашылық училищесін құруды ұйымдастыруға ат салысқан Ташимов Каят Сайфоллинович аталмыш Куйбышев 141-Ауылшаруашылық механизаторлар училищесі (УМСХ) басшысы болып тағайындалды. Одан кейін В.В. Показаченко., А.Н. Сулин., Р.Ы. Каскырбаев., М.Х. Усеинов., О.А.Кабжапаров., Д.К.Карагужинов сияқты басшылар басқарып келді.
№141Куйбышев АШМУ (УМСХ) құрылысы
1959-1962 жылдар аралығында Облыстық ауылшаруашылық басқармасының шешімімен Куйбышев №141-Ауылшаруашылық механизаторлар училищесін (УМСХ-141) Ташимов Каят Сайфоллаұлы басқарды. Ташимов Қ.С. 1928 жылы Лебяжье ауданы Қызыл қоғам ауылында туған. 1950-1955 жж. Алматы мемлекеттік ауылшаруашылық институтының «Ауылшаруашылық өндірісінің механизациясы» факультетін тамамдаған.
Сол жылдары өндірістік тәжірибе өтетін орын Харьков МТС-ы.
1962 -1964 жж. Куйбышев 141-АШМУ (УМСХ-141) ( мектеп- интернат ғимараты)
Показанченко Владимир Владимирович 1962 жылы Қазақстан Компартиясы Краснокутск аудандық комитеті бюросының қаулысымен №141 Куйбышев АШМУ (УМСХ) директоры болып тағайындалды.
Оның басшылығы кезінде оу орны курсанттары үшін 2 жатақхана, 5 оқу корпусы, зертханалар, асхана, жылыту қазандығы т.б. құрылыстар салынды.
1968 жылы Павлодар облыстық кәсіптік білім беру басқармасы, облыстық партия комитетінің келісімімен жолдас Владимир Показанченконы денсаулығына байланысты № 141 Куйбышев ауылдық кәсіптік училищесінің директоры қызметінен босатылды.
1964 ж. №141 Куйбышев ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі ғимаратының құрылысы.
1967 жылдың тамыз айында облыстық кәсіптік білім беру бюросының және Краснокутск аудандық партия комитетінің қаулысымен № 141 Куйбышев селолық кәсіптік- техникалық училищесінің директоры Сулин Алексей Николаевич болды . Сулин А.Н. 1928 жылы 21 желтоқсанда дүниеге келген. 1953 жылы Кирсаловский ауылшаруашылығын механикаландыру техникумына оқуға түсіп, оны 1957 жылы бітіріп, Павлодар облысына жолданды, Харьков МТС контроллерінің инженері қызметіне тағайындалды. 1958 ж. - Харьков МТС, МТМ бастығы. 1968 - МТС, содан кейін РТС бас инженері. 1959 жылы Екібастұз совхозының бас инженері болып ауыстырылды.
А.Н. Сулин басқарған кезеңінде училище дамуы мен өркендеуін жалғастырылды. Сол кезеңде Шарафутдинов Г.Ш., Ильницский Н.Н., Смоляр Ю.И., Алешин А.М., Шлей В.С. т.б. арнайы пән оқытушыларымен шеберлер қызмет жасады.
1974-1976 жж. Краснокутск ауданының №141-АКТУ (СПТУ) – сін педогогикалық еңбек ардагері Үсейінов Мұрат Қасанұлы басқарды. Үсейінов М.Қ. 1929 жылы 31 желтоқсанда Куйбышев ауданының Жаңа - аттаныс ауылының (қазіргі Жоламан) тумасы.
Сол жылдары оқытушылар құрамы 26-жас мамандармен толықтырылды. Атап айсақ: Ахметова М.А., Жунусовтар, Молдахметовтер т.б. оларға тәлімгер ретінде, Самаров К.С. Сейсембаев С.А., ағайынды Гиричтер, Курманалин Т.Т., Баитов К.И. ағайынды Вельцтер, М. Умиров және тағы басқалар жол көрсетті.
1976-1987 жылдары Краснокутск СПТУ-26 директоры болып Қасқырбаев Рамазан Абраймұлы қызмет атқарды. Қасқырбаев Р.А. 1937 жылы 10 желтоқсанда Новосибирск облысы, Чистоозерск ауданы, Сибиряк совхозында дүниеге келген. 1962-1969 жж Краснокутск УМСХ-141 «Агрономия негіздері» пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданып, 1969 жылы директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
Ол аталмыш оқу орнында 35 жыл үзіліссіз жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен училище тарихы жаңа дамуға ие болды, бұл кезде әскери техниканы дамыту мақсатында әскерге шақырылушыларды оқыту үшін база құрылды. Оқытушылар Абдрахманов Г.С., Самаров Қ.С., Сейсенбаев С.А., Ахметов Т.Ж, Ахметова М.А. және Кузнецов А.А. Сарсембаев С.Ш., Ахметова Г.Ж., Жакупова Г.Н., Назарович Н.С., Камзин Жукен, Каскырбаева К.М., Сазданов К., Жангозинов Б., т.б. жұмыскерлер қызмет атқарды.
Кәсіптік техникалық училищесіне 20 жыл
Кабжапаров Утеген Акрамович 1987 жылдан бастап, № 26 ауылдық кәсіптік техникалық училищесі (АКТУ /СПТУ) директоры болды. Кабжапаров У.А. 1954 жылы 5 қаңтарда Ахмет ауылында туған. 1971-1976 жж. Павлодар индустриалдық институты машина жасау факультетінің, инженер-механик мамандығын тамамдаған. 1980 жылы аталған оқу орнына арнайы пән оқытушысы болып келді. 1981 жылы өндірістік оқыту жұмысының орынбасары, 1987 жылдан бастап, оқу орнының басшысы болып тағайындалды. Осы жылдары №26-АКТУ нің материалдық-техникалық базасы одан әрі нығайтылып, студенттер практикалық сабақтар өтетін тәжірибе орындары, жаңа жабдықтар (авткөліктер, тракторлар, комбайндар) алынды. Оқытушылар өндірістік оқыту шеберлері мен жұмысшылар саны арта түсті. Кабжапаров Утеген Акрамович қызмет жасаған кезеңдерде оқу орны тарихында жақсы да ең қиын кезеңдер орын алды. Сол кезеңдерде Байтов К.И., Ахметшайхов А.С., Сарсембаев С.Ш., Ахметов К.Ж., Шарипов Н.С. Сыздыкова Г.К.,Тезекбаев К.Ш., Тезекбаева Р.И., сияқты оқытушылар жұмыс жасады.
2004-2019 жылдар аралығында Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжін Қарағожинов Дәуірбек Кәрімұлы басқарып келді. Қарағожинов Д.К. Павлодар облысы, Ертіс ауданы Северный совхозында туған. 1977-1882 жж. Павлодар педагогикалық институтын тамамдаған. Әр салаларда қызмет етіп, 2004 жылы оқу орнының басшысы болып тағайындалды. Осы жылдарда көптеген жұмыстар атқарылды.Оқу орнының өмірі алға басты. Жатақханаға, корпустарға асхана т.б. ғимараттарға күрделі жұмыстар жасалып, жаңа техникалар алынып, лабароториялар мен кабинеттер жөнделіп, заман талабына сай жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оған қоса қосымша мамандықтар ашылып оқытылды. Бұл жылдары ерен еңбек етіп, зейнетке шыққан еңбек ардагерлеріміз бар: Сейсенбаев С.А., Калыков К., Ахметов Т.Ж., Ахметова М.А., Жакупова Г.Н., Сарсембаев С.Ш., Ахметова Г.Ж., Кабжапарова Г.К., Шарипов Н.С., Самаров А.З., Сергазинова М.Д., Аужанов Н.Ж., Сыздыкова Г.К., Сакенов Т.Т., Садырбаева Г.З.Турпыбаева Б.А.
Осындай бай тарихы бар ауылшаруашылыққа мамандар дайындап, мол нәтижеге қол жеткізетін оқу орны. Айтарлықтай алдыңғы толқындағы елімізге еңбегі сінген оқытушылар мен түлектердің даңқты жолдарын жалғастыратын ізбасарлары, өз істерінің шеберлері болып, еңбекте алда болатын, Отанға деген патриотизм сезімдерін қалыптастыратын мамандардың әлі де аталмыш оқу орны қабырғасынан шығатынына сенімдіміз...
Колледж анықтамасы
- 1959 ж. 25 желтоқсандағы Ақмола білім басқармасының № 154 бұйрығы негізінде, №141-Куйбышев (Ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесі) АШМУ-УМСХ.
- 08.09.1984 ж. № 192 бұйрығы Краснокутск 141-АКТУ - СПТУ-141 (Ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесі).
- 14.03.1996 ж. № 2 02-63 бұйрығы Ақтоғай №26 КТМ (Ақтоғай №26 кәсіптік-техникалық колледжі)
- 11.05.2004 ж. №1-06/157 бұйрығы негізінде Ақтоғай ауданы №26 КМ ММ (Ақтоғай ауданы "№26 кәсіптік мектебі" мемлекеттік мекемесі)
- 02.03.2009 ж. Павлодар облысы әкімшілігінің № 44/4 қаулысы негізінде қайта аталу туралы Ақтоғай ауданы КМ ММ, (Ақтоғай ауданы №26 КЛ ММ "№26 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекемесі).
- 12.09.2012 ж. Павлодар облысы әкімшілігінің № 258/9 қаулысы, қайта аталу туралы Ақтоғай ауданы №26 КЛ ММ і, «Ақтоғай №8 колледжі».
- Павлодар облысы әкімшілігі 25.11.2013 ж. № 401/13 қаулысы қайта аталу туралы «Ақтоғай №8 колледжі», «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып ауыстырылды.
https://aktogai-college.edu.kz/kz/biz-turaly/kolledzhdi-missiyasy-zh-ne-k-z-arasy-3.html#sigFreeIdc90340bea8